Егіз қызды жар қылған егіздер

Асан мен Үсен, Фатима мен Зәуре – егіздер. Олардың бір-бірімен танысып, сөз байласып, шаңырақ көтергендеріне 27 жыл. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Тоқсансай ауылында егіздерден құралған екі отбасы тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіп жатыр.