Тағдырдың қиындығына мойымаған палуан қыз

Шымкенттегі «Спартак» спорт кешеніндеміз. Маңдайын тер жуған бір топ жас спортшы бірі секіріп, бірі керілген арқанға өрмелеп, бірі домалап, енді бірі өзара белдесіп, алаңсыз жаттығуға кіріскен.