Әлемді мейірім арқылы құтқарғысы келетін ару

Ол үнемі айналасын шуақ-нұрға бөлеп жүретін күн сияқты. Жаны, жүрегі сондай сұлу. Жүзінен мейірім төгіліп тұрады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ботагөз Ерманқызы бес жылдан бері Оңтүстіктегі қайырымдылық шараларының басы-қасында жүр.