Автор туралы

Әйгерім Бегімбетпін.

2008 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепті,
2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірдім.

Бала кезден журналистикаға жетелеген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газеті.

Фрилансермін. Фотографиямен айналысамын.

Тау-тас кезгенді, саяхатты жақсы көремін. Жүзе алмаймын. Сондықтан судан қорқамын.

Авторлық сайтыма қош келдіңіз!

Жаңа жазбаларға жазылыңыз

instagram

[insta-gallery id=»1″]

32 жасында 8 баланың анасы атанған

Түркістандық Ерімбетовтер отбасы «Бала – бақытым» деп санайды. Киелі шаһарға арнайы барған сапарымыздың бірінде осы шаңыраққа бас сұғуды жөн көрдік. Табалдырықтан аттағанымыз сол еді, бойы мен жасы шамалас ұл-қыздар жүгіріп келіп, бірінен кейін бірі  амандасты. Түрін жаттап үлгермедік. Бұл отбасының отанасы Жанат Ерімбетова батыр ана. «Алтын алқа» иегері. 30 жасында сегіз ұл-қызды аман-есен дүниеге әкелген.…

Білім арқылы әлемдік мәселелерді шешуге қалай үлес қосуға болады?

Әлеуметтік желілер уақытымның көп бөлігін ұрлайтыны рас. Жақында Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жүзеге асырған жобадан кейін

Егіз қызды жар қылған егіздер

Асан мен Үсен, Фатима мен Зәуре – егіздер. Олардың бір-бірімен танысып, сөз байласып, шаңырақ көтергендеріне 27 жыл. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Тоқсансай ауылында егіздерден құралған екі отбасы тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Жұмыссыздық жайлаған Ащысайдың ендігі үміті Қытай инвесторларында

Ащысайдың Кеңес Одағы тұсында қорғасынмен аты шыққан / Фотосурет автордікі

Ащысайдың аты дүркіреп, Кеңес Одағы елдерін полиметалл кенімен қамтыды. Сол кезде18 мыңнан астам халық тұрған ауылдың қазіргі халі көңіл құлазытарлықтай.

Ақмешіт үңгірі жағымсыз энергетикадан арылтады

Оңтүстік Қазақстандағы Ақмешіт үңгірі экотуризмде ерекше орын алуы тиіс.

Оңтүстікте қатпар-қатпар тарихы бар, талай сырды ішіне бүккен киелі және тарихи мекендер көп-ақ. Солардың бірі – Бәйдібек ауданындағы «Ақмешіт» үңгірі.

Ақбастаулықтардың Наурыз тойлау дәстүрі елге үлгі боларлықтай

Ақбастау ауылында 300 отбасы тұрады / Фотосурет автордікі

Оңтүстіктің көп ауылдарында Наурыз ерекше тойланады. Сайрам ауданы, Ақбастау ауылына мерекелі тойға барып, берекелі ауылдың тірлігіне куә болдық.

Анардың ойыншықтарына Үндістан, Африка, Түркия, Ресей елінен тапсырыс түскен

Анардың жасы 33-те, Алматы қаласында тұрады / Фото автордікі

Алматылық Анар Лепесова бес жылдан бері ойыншық тоқумен айналысады. Өзі – екінші топтағы мүгедек. Төрт жасында склеродермия диагнозы қойылған. 

Қазақшаға жетік, салт-дәстүріне ғашық жапон қызы

Чиеко Хирота Жапонияда тұрады. Жасы 29-да. Қазақтың қолөнері мен салт-дәстүрі жайлы зерттеу жұмысын жүргізіп жүр. Жақында осы тақырыптағы докторлық диссертациясына материал жинау мақсатында Шымкент қаласына келген еді.

Шыңғыс Әбдіразақ: Автостоп өмірімді өзгертті

Сіз 800 теңгені неге жеткізесіз? Біздің кейіпкеріміз шымкенттік Шыңғыс Әбдіразақ жақында ғана бұл ақшаға Астана – Қарағанды – Қарқаралы – Балқаш – Алматы қалаларын, оның көрікті жерлерін аралап шықты.

Мақсат Шағырбаев: Фотография – өмірімнің бір бөлшегі

Қас-қағым сәттiң қас шеберi Василий Песков «өткендi сол күйiнде елестете алатын өнердiң үлкенi – фото» дейді. Иә, фотосуретке көз жүгіртсең, өткенге бір сәт ораласың, кеудеде сағыныш оты маздайды.

Трактор үстіндегі 40 жыл

Гүлшат Өмірбекова – қара жерді трактормен қопарып, жастық жігерін еңбек майданына арнаған жан. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында біреуден ілгері, біреуден кейін ғұмыр кешіп жатыр. 

Әлемді мейірім арқылы құтқарғысы келетін ару

Ол үнемі айналасын шуақ-нұрға бөлеп жүретін күн сияқты. Жаны, жүрегі сондай сұлу. Жүзінен мейірім төгіліп тұрады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ботагөз Ерманқызы бес жылдан бері Оңтүстіктегі қайырымдылық шараларының басы-қасында жүр.

Ұялыжар ауылы Наурызды қалай тойлады?

Жыл басын, ізгілік пен мейірімділіктің, береке мен бірліктің мерекесін ауыл халқы ерекше көңіл күймен, ықыласпен қарсы алады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұялыжар ауылы да Ұлыстың ұлы күнін дүркіретіп өткізді.

Шымкенттің жаңа өнімі: «Procoffee»

Еліктірер хош иісі бар кофені жақсы көретін шымкенттік тұрғындар мен қала қонақтарына жағымды жаңалық жеткізбекпіз. 27 жастағы Асхат Нұрлыбаев Шымқаладан «Procoffee» атты кофе орталығын ашты. Мұның несі жаңалық дерсіз?! 

Дәурен СЕРҒАЗИН: «Өмiрiмдi театрсыз елестете алмаймын»

Дәурен Серғазин – Астана Жастар театрының актері. 2002-2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының Н.Жақыпбай шеберханасында «драма және кино актері» мамандығында білім алған.

Құтты қала қазаны

Бізде не көп, дәмхана мен мейрамхана көп. Адам қарасы үзілмейді. Бағалары да қалтаңызға қарай әртүрлі. Тағамдардың дәмі тіл үйіретіндігінен бөлек, олардың бағасының арзандығын да Шымкенттің топырағына табаны тиген кез келген адам сүйсіне еске алады.

Шүкір Шахай. Тудың алғашқы нұсқасы мүлдем басқаша болатын

– Шүкір аға, фотография саласына қалай келдіңіз?

– Ауылдағы Айыпхан деген досымның ағасының фотоаппараты бар еді. 6-7 сыныптарда сурет шығарысып, үйлерінен шықпайтынмын. Кейін әкем «ФЭД-5» маркалы жаңа фотоаппарат алып бердi.

Отырартөбе

Шымкенттің «Самал» автовокзалында тұрмын. Бағытым – Шәуілдір, Отырартөбе. Білгенім, әр екі-үш сағат сайын Шәуілдірге жолаушы тасымалдайтын «Hundai Starex» автокөліктері қатынайды екен. Жолақысы – 700 теңге.

Күнбағыспен күнелткен ауыл

Есімде… Көрші ағамыз бұдан біраз жыл бұрын қырдағы жеріне күнбағыс өсіретін. Сосын үйдегілер жұмысқа кетіп бара жатып: «Құр теледидар қарап, ойнағанша пісте түсірісуге көмектесіңдер барып!

Шымырдың ерлігі

Біздің арамызда батыл, қиындықтан қорықпайтын қайсар балалар өте көп. Біз олардың ерлігін әркез өзгелерге үлгі етіп, жариялап келеміз. Шымкенттегі №58 мектептің 9-сынып оқушысы Шымыр Полатов та – ержүрек балалардың бірі.

Мархабат Байғұт: Қаламгерлеріміз қалталылардың кітабын жазып күн көріп жүр

Мархабат Байғұт – таныстыруды қажет етпейтін жазушы. Бекзат болмыс иесі. Жандүниесі таза жан. Әңгімелері де өзі сияқты кіршіксіз. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы сөз жақсысын» «келістіріп» жазып жүрген қаламгер.

«Томпақтың достары»

Сүйінші, достар! Қазақ киносы тарихында тұңғыш рет балаларға арналған фантастикалық сериал дүниеге келді. «Томпақ» атты бұл сериалды «Балапан» арнасының тапсырысымен Шымкенттегі «Сақ» киностудиясы мен «Қазақстан аниматорлары ассоциациясы» бірігіп түсірген.

Мәди Манатбек: Қазақтың өз жерінде екінші сортты ұлт болуы жаныма батады

Бүгінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының  орынбасары болып қызмет атқарып жүрген Мәди Манатбек телевизиядағы алғашқы қадамын «Отырардан» бастаған тележурналистердің бірі.

Көбелек өсіріп те табыс табуға болады

Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылының тұрғыны Тамара Қахарбек ерекше кәсіппен шұғылданады. Габробракон атты ауылшаруашылығына пайдалы көбелек өсіріп, істің көзін тауып, қиюын келістіріп отырған жан. Ол қандай көбелек деп таңғалып отырған боларсыз?